Шымкентте Бадам өзенінде бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Белгісіз біреулер өзен арнасынан заңсыз тас қазып алып, салдарынан гидротехникалық құрылысқа зиян келген. Осылайша бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінген. Қазір құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтап жатыр.
Көктем мезгілінде су деңгейі көтерілетінін ескеріп, былтыр тасқын қаупін азайту мақсатында өзен жағалауы нығайтылған. Жалпы ұзындығы 5,3 шақырым болатын жағалау бекітіліп, жоба желтоқсанда толық аяқталған. Бұл жұмыстарға 2,7 миллиард теңге қаражат бөлінген.
Зақымданған аумақ мердігер мекеменің есебінен қалпына келтіріледі.
