Шымбұлақ маңында курорт аумағынан тыс жерде сырғанаған екі фрирайдер қар көшкініне тап болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға санаулы секунд ішінде өршіп, олардың бірі қалың қардың астында қалып қойған. Дабыл түскен соң құтқарушылар жедел жетіп, ер адамды аман-есен қар астынан алып шықты.
