Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, саясаттанушы Данияр Әшімбаев рейдерлік шабуыл жасады деген Нығматулиндерді жақтай түсті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Олар бұрын сотталған немесе сотта жеңілген адамдарды әдейі іздеп жатқандай әсер қалады екен - осылайша олар экс спикерге және оның кәсіпкер інісіне қатысты теріс пікір қалыптастырмақ", - дейді Әшімбаев телеграм арнасында.
Саясаттанушы Нығматулиндерге ақпараттық шабуыл жиі жасалатынын айтады.
"Дискредитация бойынша кампания әлі де жүріп жатыр. Ай сайын "рейдерлік" немесе "ұпайларды реттеуге" қатысты жазбалар шығып тұрады. Тіпті біреу Ерлан Нығматулин қамауға алынды деп, артынан ол өтірік ақпарат болып шықты. Нығматулиндерге қатысты "қара майнерлерге" қатысты ақпарат та тарады, артынша ол ақпарат та расталмады.
Артынша Данияр Әшімбаев Нығматулиндердің атқарған қызметін тізіп, оларды мақтай түскен.
"Айыптаулар "Сондай қауесет тарады", "Бәрі біледі", "Тұрғындардың айтуынша" деген сияқты сөздермен тарайды. Кейде тіпті "Еуразия банкі" АҚ басшылығында 2011 жылы ағайынды Нығматулиндер болған дейді. Бірақ мұны тексерсе түбі өтірік екені анық, бірақ оны кім тексеріп отырады?", - дейді Әшімбаев.
Әшімбаевтың сөзінше, рейдерлік шабуылдар туралы айыптауларға біреу тапсырыс берген болуы мүмкін.
"Әшімбаевтың өзіне тапсырыс берген болуы мүмкін, осылай нанын тауып отыр ғой. Мұның бәрін 6-7 жылдың ішінде ойлап таба алмаймыз ғой. Құжат бойынша факттың бәрі бар ғой, жетінші жылға кетіп бара жатыр. Кездескеніміз туралы да – ұлттық қауіпсіздік комитетіненменің және нығматулиннің телефонын тексере салуға болады", - дейді Ерлан Нығматулиннің рейдерлік шабуылына тап болдым деген кәсіпкер Алексей Лукьянченко "Қазтаг" басылымына.
Бұған дейін Алексей Лукьянченко Ерлан Нығматулин оның жылдар бойы миллиондап қаржы құйып салған қонақүйін тартып алмақ екенін айтқан болатын.
"Барлық жерде айта бастадым (шабуылдар туралы), журналистерге, қоғамға үндеу жасадым, біраз уақыт өткеннен кейін жігіттер келіп, менімен біреу сөйлескісі келетінін айтты. Сосын маған Ерлан Зайруллаұлы қоңырау шалып "Сен осындай да осындайсың ба?" деді. Мен "иә" дедім. Ерлан Нығматулин менің жеке нөміріме хабарласып, өзіне шақырды. Мен енді ғана дамып келе жатқан кәсіпкер екенімді және ол шақырған жерге бара алмайтынымды айтып едім, "жақсы, саған көлік жіберемін, кел" деді. Маған бір жігіт келді, мен оны танитынмын, мені кеңсесіне апарды. Ол жерде жарты күн күтіп, ақыры кездестім. Ол маған "Сенің жағдайыңды білемін, менің түк қатысым жоқ, оған еш қатысым жоқ, осыны жоққа шығарып, видео түсір", - деді", - дейді кәсіпкер.
Кәсіпкер сол сәтте Ерлан Нығматулиннің бұл идеясынан бас тартудан қорыққанын айтады.
"Яғни солай айтылды, мен бұл идеядан бас тарта алмадым. Тіпті біздің қалада бұған дейін бір жігітті қамауға алып, қазір қылмыстық іс қозғалған жағдай болған. Мен де өз өміріме қорықтым, мұндай адамдар бәрін істейді ғой, олардың жан-жақта танысы көп. Сосын өз адамы келіп, мені видеоға түсіріп алды. Денис деген жігіт, тегі есімде жоқ. Балқаштағы "Атамекенді" басқарады. Ол Ерлан Нығматулиннің адамы екен", - дейді кәсіпкер Алексей Лукьянченко.
Кәсіпкер қонақүйін 2015 жылы сала бастаған, содан бері инспектер Сәбира Қоянбаева нысанды тексеріп жүрген көрінеді. Проблемалар қонақүй жұмыс істей бастағаннан кейін ғана басталған. Кәсіпкердің сөзінше, Қоянбаева да - Нығматулиннің адамы.
Сонымен қатар, Нығматулинниің адамдары кәсіпкерден прокуратура немесе басқа да инстанцияларға жүгінген не жүгінбегенін үнемі сұрап тұрған. Соттың өзі бұл істі біржақты қарастырған көрінеді. Бұл істің анық-қанығын анықтауға тырысқан жалғыз орган – бас прокуратура екен. Бірақ кәсіпкер бұл іске экс судья Мейрамбек Таймерденов араласқандықтан істе жеңілген деп ойлайды. Себебі кәсіпкер бұл іске бас прокуратураның өзі араласа бастағандықтан істе жеңіске жетемін деп ойлаған.