Жалған коучтар мен рухани алаяқтар қоғам үшін қауіпті құбылысқа айналды - депутат Сарым

Сағыныш Сардарова 15 қаз. 2025 14:23

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жалған коучтар мен рухани алаяқтар қоғам үшін қауіпті құбылысқа айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдады.

"Кейінгі уақытта елімізде кеңінен таралып кеткен сан алуан эзотерикалық, псевдоспихологиялық жалған ілімдер мен секталардың әсіре белсенділігі қатты алаңдатып отыр. Өздеріне жалған диплом жасатып, атағы жер жаратын "академиялардың", әлемдік "ұйымдардың" атынан сөз сөйлеп жүрген бақсы-құшнаштың, тренер-коучтердің шараларының саны күн санап артып келеді", - деді ол.

Депутаттың сөзінше, мұндайлардың жарнамасы да жер жарады.

"Қай бір сайтты, әлеуметтік  желіні ашып қалсаң болды, әлемнің барша құпиясын меңгерген, адамның жан дүниесінің бүкіл кілтін беліне байлаған мамансымақтар көпшілікпен кездесулер, курстар, семинарлар өткізіп жатады. Өкініштісі, мұны жекелеген адамдардың өз таңдауы, жеке құқығы деп те айта алмаймыз. Рухани алаяқтар мемлекететтік мекемелерге, квазимемлекеттік сектордағы ұйымдарға дейін жетіп, мемлекеттік, қоғамдық проблемаға айналғанын байқап отырмыз", - деді Сарым.

Айдос Сарым соңғы кездері елімізде "Сюцай" деп аталатын курстар қаулап тарап жатқанын жеткізді.

"Бұл бағыт өзін "адамның ішкі әлеуетін ашатын сандық психология" деп таныстырғанымен, іс жүзінде ғылыми негізі жоқ, эзотерикалық және діни сипаттағы коммерциялық жобаға айналып отыр. Бүгіндеюцай" атауын жамылған топтар жабық форматтағы шаралар өткізіп,өз уағыздарын кеңінен таратып жүр. Олардың басым бөлігілицензиясыз, сертификатсыз, тіркелмеген тұлғалар.

Жалған ілімнің басты мақсатыазаматтарды "рухани даму" ұранымен иландырып, сандар мен символдарға сүйенген псевдотеория арқылы материалдық пайда табу. Көптеген адам, әсіресе, әйелдер мен жастар, қаржылай шығынға ұшырап, психологиялық тәуелділікке түсіп жатыр, ал кейбірі отбасылық және әлеуметтік күйзеліске тап болып отыр", - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар