Алматы базарлары жаңа форматқа көшпек

Сағыныш Сардарова 15 қаз. 2025 18:14

Алматы базарлары жаңа форматта жұмыс істейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Контейнерде сауда жасаудың дәуірі бітіп, Алматы ыңғайлы әрі ашық базар форматына көшкелі жатыр. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінде осылай деп мәлімдеді.

"Келер жылдан бастап жаңа заңнамаға сәйкес қаладағы бар базар осы заманғы сауда форматына көшуге тиіс. Контейнерде сауда жасаудың дәуірі осымен бітеді. 2026 жылдан бастап барлығы заң талабына сәйкес жаңа форматта жұмыс істеуге көшеді. Мұны сатушылар үшін ғана емес, тұрғындар мен тұтынушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырып жатырмыз", – дейді Олжас Смағұлов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар