Атыраулық Яна Легкодимованың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz Atyrau.Today арнасына сілтеп.
Бүгін Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтуге тиіс еді. Алайда айыпталушылардың бірінің қорғаушысы науқастанып қалғандықтан, процесс кейінге қалдырылған.
Келесі отырыстар 22, 23, 28, 29, 30 және 31 қазан күндері өтеді.
Айта кетейік, тергеу мәліметінше, Яна 2024 жылғы 18 қазанда үйінен танысының қоңырауынан кейін шығып кетіп, қайта оралмаған. Күдіктілер - 24 және 25 жастағы екі ер адам. Тергеу мәліметі бойынша олардың бірі қызды көлікте тұншықтырған, екіншісі есікті жауып тұрған. Кейін сүйекті Талдыкөл маңындағы Жайық өзеніне тастаған.
Марқұмның сүйегі сегіз айдан кейін, 2025 жылғы маусымда табылды.