UFC- де қазақ жауынгерлерінің ішіндегі үздігі Шавкат Рахмонов Катарда өтетін турнирде Асу Алмабаевтың секунданты болады. Бұл- оның қомандаласына екінші рет қолдау көрсетуі болмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейін Шавкаттың командасы оның октагонға қыс мезгілінде оралуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Алайда қазіргі таңда оның салмақ дәрежесіндегі үздік қарсыластары алдағы жекпе- жектерін белгілеп қойған және олардың қаңтарға дейін толықтай қалпына келуі екіталай.
Асу Алмабаев UFC- дің тарихи турниріне қатысады
Еске салсақ, Шавкат Рахмонов бұрыштас ретінде баратын UFC турнирі Доха қаласында өтпек және бұл Катар тарихындағы алғашқы UFC жарысы болмақ. Аталған турнирде Қазақстан атынан екі бірдей спортшы- Асу Алмабаев пен Бекзат Алмахан өнер көрсетеді.
Асу Алмабаев үшін бұл жекпе- жек биылғы жылдың ішіндегі үшінші кездесу болмақ. Оның қарсыласы- тәжірибелі америкалық файтер Алекс Перес.