Астаналықтар Республика күніне орай бір реттік төлем беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қолданыстағы қағидасына сәйкесәлеуметтік осал топ санаттарына жататын азаматтарға жылына тек бір рет бірнегіздемемен ең көп сома бойынша тиісті мерекелік күнге ақшалай төлемдеркөрсетіледі.
25 қазан Республика күніне орай (ағымдағы жылғы 25 қазан жағдайы бойынша) Астана қаласының атаулы әлеуметтік көмек алушыларына (бұдан әрі АӘК) 4,5 АЕК (17 694 теңге) мөлшерінде төлемдер беріледі.
Тізімдер Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен ағымдағы жылғы 25 қазанына дейін АӘК көмек алушылардың өтінімдері негізінде жасалады.