Депутат мүгедектігі бар жандарға берілетін ең төменгі жәрдемақы мөлшерін көбейтуді ұсынды

Сағыныш Сардарова 15 қаз. 2025 15:38

Депутат Нұрлан Әуесбаев мүгедектігі бар жандарға берілетін ең төменгі жәрдемақы мөлшерін көбейтуді ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалпы саны 725 мың адамға жеткен. Ал үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы - 55 474 теңге.

"Жасыратыны жоқ, кейбір азаматтарымыз осы мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны алып, өлместің күнін көріп келеді. Қазір инфляция 12,9% деңгейіне жетіп, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, дәрі-дәрмектердің бағасы күрт өсті. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысын кем дегенде ең төменгі жалақы көлеміне, яғни 85 000 теңгеге дейін көтеру қажет деп есептейміз", - деді ол. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар