Әлеуметтік желілерде агенттіктің бас редакторы Амир Қасеновтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл деректі растады: ол кеше, 23 желтоқсанда ұсталып, Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұстауға жеке компанияның арызы негізінде басталған сотқа дейінгі тергеу себеп болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, КазТАГ бірнеше рет әдейі жалған ақпарат таратқан, бұл компанияның іскерлік беделіне және бизнесіне елеулі нұқсан келтірген.
Істің өзге мән-жайлары Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
