Семейде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар жеңілдіктерден айырылған

Қаракөз Амантай 24 жел. 2025 11:51

Семейде 169 онкологиялық науқасқа медико-әлеуметтік сараптамаға жолдама берілмеген. Салдарынан олар мүгедектік, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді рәсімдей алмаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған заң бұзушылықты Абай облысының прокуратурасы анықтады.

Қадағалау органы араласқаннан кейін 43 адам сараптамаға жіберілді. Қалған науқастар қазіргі уақытта ем қабылдауда және қосымша тексеруден өтіп жатыр. Олардың статусына қатысты шешім кейінірек қабылданатын болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар