Павлодарда жоқ зауытқа 2,4 млрд бөлінген

Көркем Алдабергенова 24 жел. 2025 10:55

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжіліс отырысында мемлекеттік қолдау тетіктеріне жүргізілген аудиттің қорытындыларын таныстырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, бюджет қаражаты есебінен қолдау алғандарға нақты қарсы міндеттемелер жүктелуі керек. Ал бұл талаптар орындалмаған жағдайда бөлінген қаржы мемлекетке қайтарылуға тиіс.

Алайда аудит барысында мұндай міндеттемелердің барлық жерде қарастырылмағаны анықталған. Соның салдарынан, мысалы, Павлодарда іс жүзінде жұмыс істемейтін зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік инфрақұрылым тартылған. Кейбір жобаларда қарсы міндеттемелер тым жеңіл әрі формалды түрде белгіленген.

Мәселен, 37 млрд теңге көлемінде қолдау алған бір жоба бойынша салық түсімдерін арттырудан бөлек, қызметкерлер санын бар-жоғы бір адамға ғана көбейту талап етілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар