Freedom Inside '26

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін
Фото: gov.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік, батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында қар мен қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде антициклонның әсерінен ауа райы құрғақ болады, жауын-шашын күтілмейді.

Сонымен қатар республиканың барлық аймағында тұман түсіп, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ пайда болуы ықтимал.