Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

Көркем Алдабергенова 23 жел. 2025 12:17

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорының Директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Директорлар кеңесінің құрамында сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов, Мохаммед Джамиль Аль Рамахи, сондай-ақ Samruk-Kazyna Artificial Intelligence (жасанды интеллект) бар.

Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар