Вейп сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Көркем Алдабергенова 24 жел. 2025 13:00

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өнімдерді өткізу Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы курьерлік жеткізу тәсілімен жүзеге асырылған.

Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған.

Вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған.

Соттың санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алынған 3 автокөлікке («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») тыйым салынды.

Төрт күдікті қамауға алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар