Доллар қайтадан арзандай бастады

Көркем Алдабергенова 23 жел. 2025 16:45

23 желтоқсандағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының бағамы 510,18 теңге болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бір тәулік ішінде доллар бағамы 4,98 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пункттеріндегі орташа бағамдар

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде валюталардың орташа бағамы мынадай:

АҚШ доллары:
сатып алу – 508,5–512,4 теңге,
сату – 512,8–516 теңге;

Еуро:
сатып алу – 601–603 теңге,
сату – 606–608 теңге;

Ресей рублі:
сатып алу – 6,11–6,46 теңге,
сату – 6,48–6,90 теңге.

Мұнай бағасы

Сонымен қатар, ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьючерстері барреліне 62,2 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар