Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі зейнетақының орташа мөлшерін атады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство дерегінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 3 трлн 868 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 трлн 252,4 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 2 трлн 615,6 млрд теңге бағытталған.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 млн 524 мың адамды құрайды.
«2025 жылғы 1 желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 096 теңге, базалық зейнетақы – 47 573 теңге», – деп хабарлады министрлік.
