Қарағандының Шұбаркөл көмір кен орнында кезек күткен жүк көліктерінің ұзын-сонар тізбегі пайда болған. Жүргізушілер бірнеше күн болды көмір жоқ деп шу шығаруда, деп хабарлайды Dalanews.kz
КТК арнасының мәліметінше, көмек сұраған бейнежазбаны жүргізушілер өздері жіберген. Олар көмірді тиеп алып алып кетудің тым ұзаққа созылып жатқанына шағымдануда. Кеніш елді мекендерден алыс болғандықтан, жүргізушілерде жанармай мен азық-түлік қоры таусылып жатыр.
Ал көмір өндіретін компания көмір бар дейді. Ал көліктердің ұзын кезегі сұраныстың күрт өсуіне байланысты пайда болған екен. Тек бір апта ішінде жүк көліктерінің саны үш еседен астам өсті дейді компания өкілі.
Көмірді тиеу белгіленген кезектілікке сәйкес жоспарлы режимде жүргізіледі. Сонымен, кеше 41 самосвал жөнелтілді. 22 желтоқсанда түнгі сағат 12-дегі жағдай бойынша келген автокөліктердің саны 56 бірлікке дейін өсті. Жөнелту штаттық режимде жалғасады. Бүгін автосамосвалдардың ең көп санын жөнелту жоспарлануда, - дейді "Шұбаркөл Көмір" АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі басшысы Гүлфаризат Оразбай.
