Танымал актер Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханаға түсті

Көркем Алдабергенова 23 жел. 2025 17:19

Танымал қазақстандық актер Мұрат Бисембин инсульт алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы оның қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Актер бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық дертпен – ұйқыбез қатерлі ісігімен күресіп келеді. Химиотерапия курстарынан кейін оның ағзасы айтарлықтай әлсіреп, соңғы уақытта денсаулық жағдайы күрт нашарлаған.

Актердің әріптесі, өнер иесі Жан Байжанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Мұрат Бисембинге шұғыл түрде иммунотерапия қажет. Оның сөзінше, бұл жағдайды тұрақтандырып, емді жалғастыруға мүмкіндік беретін жалғыз жол, алайда аталған терапия өте қымбат.

Қазіргі уақытта Мұрат Бисембин дәрігерлердің тұрақты бақылауында ауруханада жатыр. Өнер иесінің туған-туыстары, жақындары мен әріптестері оның сауығып кетуінен үмітті екенін айтып, көпшілікті осы қиын кезеңде қолдау көрсетуге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар