Украинадағы соғыс 2026 жылы Киев үшін қолайсыз аяқталуы мүмкін - БАҚ

Көркем Алдабергенова 23 жел. 2025 17:42

Politico басылымының шолушысы Деттмердің пікірінше, Ресей мен Украина арасындағы соғыс 2026 жылы Киев үшін тиімсіз шарттармен аяқталуы ықтимал, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарапшы мұндай болжамын Еуроодақ елдерінің Украинаға репарациялық несие беру мәселесі бойынша ортақ шешімге келе алмауымен байланыстырады. Оның айтуынша, бұл жағдай Киевті алдағы жылдарға арналған кепілдендірілген қаржыландырудан қағуы мүмкін.

Деттмер сондай-ақ Еуропа елдерінің жалпы көлемі 90 млрд еуроға жуық ортақ қарызы Украина қажеттіліктерін толық өтеуге жеткіліксіз екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, сарапшы несие беруге қарсы шыққан Венгрия, Чехия және Словакияның ұстанымына өзге де елдер қосылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сонымен қатар ол 2026–2027 жылдары АҚШ-та Дональд Трамп билікте қала берсе, Украина үшін Вашингтоннан жаңа қаржылай қолдау сұраудың мәні болмайтынын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар