«Қазақтелеком» 127 «Жайлы мектепті» интернетке қосты

Dalanews 04 жел. 2025 13:39

«Қазақтелеком» АҚ « Жайлы мектеп» (сонымен қатар «Келешек мектептері» деп те аталады) ұлттық жобасын іске асыруға белсенді қатысуда. Жоба елімізде заманауи білім беру инфрақұрылымын құруға бағытталған. Компания жаңа мектептерді талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіп, цифрлық білім беру қызметтерін енгізуге және оқу сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінгі күнге дейін салынған 173 мектептің 127-і (73%) «Қазақтелеком» желісіне қосылды. Толық қосылу Ақмола, Атырау, Жамбыл, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылған. Атап айтқанда, Жамбыл облысында Байзақ және Қордай аудандары мен Тараз қаласында жеті жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл мектептер заманауи оқу құралдарымен, арнайы кабинеттермен, бейнебақылау жүйелерімен, турникеттермен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дабыл батырмаларымен жабдықталған. Мұның барлығы Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан ұлттық жобаның стандарттарына сәйкес келеді және балалардың білімін, әрі шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Жобаны жүзеге асыру аясында, «Қазақтелеком» АҚ мамандары аталған өңірлердегі нысандарға 300 км-ден астам ТОБЖ желісін тартты, бұл цифрлық инфрақұрылым үшін сенімді болғанын атап өткен жөн және мектептерге интерактивті оқыту платформалары мен материалдарға қашықтан қолжетімділікті қосқан заманауи онлайн-ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді.

«Командамыздың күш-жігерінің арқасында жоғары жылдамдықты интернетке үздіксіз қолжетімділік қамтамасыз етілді, бұл білім саласында жаңа мүмкіндіктердің ашылуына ықпалы зор»,- деп атап өтті Жамбыл облысы КБД Телеком желілерін дамыту орталығының бастығы Тимур Нахмедов.


Жобаның жалпы жоспарына сәйкес 217 мектеп салу көзделген. Ағымдағы жылдың соңына дейін қалған 44 нысан пайдалануға беріледі. Бұл бастама еліміздегі барлық білім беру мекемелерін сапалы интернетпен қамтамасыз етіп қана қоймай, заманауи цифрлық қызметтерді дамытуға негіз бола білді және Қазақстанда білім беру саласын цифрландыруға үлес қосуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар