"Кастет қолданған": Таразда қыздар қатарласын аяусыз ұрған

Сағыныш Сардарова 12 нау. 2026 11:09

Таразда қыздар 9-сынып оқушысын аяусыз ұрған. Бұл туралы жәбірленушінің анасы әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, 7-8 қыз кастет қолданып, қызын жабылып ұрып кеткен. Ол құзырлы органдардан араша сұрады.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

"Жасөспірімдердің әрекеті кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Қорытындысы бойынша жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - деді полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove