Мұнай бағасы қайтадан 100 долларға жетті

Көркем Алдабергенова 12 нау. 2026 11:33

Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 долларлық психологиялық межеге жетті. Бағаның күрт өсуі Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы және Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімі үзілуі мүмкін деген қауіп аясында орын алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұнай нарығы соңғы жылдардағы ең жылдам өсімдердің бірін бастан өткеріп жатыр. Соңғы бір аптада Brent маркалы мұнайдың бағасы 17,5%-ға қымбаттады.

Бір ай ішінде өсім 49%, ал үш айда 64,4% болды.

2026 жылғы 9 наурызда көпжылдық рекорд жаңарды: Лондондағы ICE биржасында Brent мұнайының фьючерстері бір баррель үшін шамамен 116,6 долларға дейін көтерілді.

Соңғы рет мұндай деңгей 2022 жылдың жазында тіркелген еді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove