Таяу Шығыстан елге қайтарылғандар саны 10 мыңға жуықтады

Көркем Алдабергенова 12 нау. 2026 12:50

Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ираннан Түрікменстан шекарасы арқылы жерүсті бағытымен үш Қазақстан Республикасының азаматы шығарылды. Эвакуация басталғалы бері Ираннан елге 69 Қазақстан азаматы қайтарылды.

Сонымен қатар, 68 ҚР азаматы Израильден эвакуацияланды.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастармен тұрақты байланыс орнатып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove