Алматыда Барахолка маңындағы қоймалар өртенді

Сағыныш Сардарова 12 нау. 2026 12:07

Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданы Шапағат шағынауданы Шоссейная көшесінде орналасқан қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Қала тұрғындары түтінді бірден байқады.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде қойма іші жанып жатқаны анықталған.

"ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында кәсіпкерлердің мүлкінің едәуір бөлігі өрттен аман қалды. Өрт жарты сағаттың ішінде 200 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove