Былтыр Қашағанда 18,2 млн тонна мұнай өндірілген

Қаракөз Амантай 12 нау. 2026 09:41

2025 жылы Қашаған кен орнында 18,2 млн тонна мұнай өндірілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Nege.Aqsha мәліметінше, оның 3 млн тоннадан астамы ұлттық “ҚазМұнайГаз” компаниясының үлесіне тиесілі.

“Кен орнын одан әрі дамыту аясында ұзақ мерзімді толық игеру моделіне сәйкес, әзірге игерілмеген учаскелерді өндіріс айналымына енгізу жоспарланып отыр”, — дейді дереккөз.

Сонымен қатар Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру мақсатында “инвестицияға айырбас ретінде келісімшарт” тетігін қолдану аясын кеңейту көзделген.

2026 жылы Қашаған кен орнының операторы – NCOC өндірістік процестердің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект элементтері енгізілген Digital Oil Field, VideoAnalytics және Cognite Data Fusion секілді заманауи технологияларды іске қосуды көздеп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove