Атырауда күйеу балалары жалдап тұрған үй іргесінен өлі табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның денесінде үшкір заттың жарақаты болған. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz "Астана" телеарнасына сілтеп.
"Мүрделерде үшкір заттан жарақат бар, көрдік. Көзге көрініп тұрған. Алайда ол неден болғанын сараптамадан соң білеміз. Тергеу біткеннен кейін нақты жауап береміз", - деді облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов.
Айта кетейік, 2025 жылы желтоқсанда полицияға Атырау облысы Жангелдин ауылында 66 жастағы ер адам, 64 жастағы әйел, сондай-ақ, олардың балалары - 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен.
Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуі де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды. Кейін төртеуі де өлі табылды. Бұл іс бойынша күйеу балалары - күдікті.
