Қарағанды облысының полицейлері трассаларда мыңдаған адамды құтқарды

Көркем Алдабергенова 12 нау. 2026 09:18

Қарағанды облысының полицейлері трассаларда мыңдаған адамды құтқарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалың қар, екпінді жел және көріну қашықтығының мүлде төмендеуі трассаларда жүруді аса қауіпті етті. Соған қарамастан, күрделі ауа райы жағдайында да жолдардағы жұмыс бір минутқа да тоқтаған жоқ.

11 наурызда батальон командирі Медет Нұрмұхановтың басқаруымен Қарағандыдан Астанаға - 600, ал елордадан облыс орталығына - 3000-нан астам көлік колоннамен қауіпсіз жеткізілді.

Полицейлер тек ілеспе жүріп қана қоймай, қар құрсауында қалған көліктерді шығарып, техникалық ақауларды жөндеуге де көмектесті. Қауіпсіздік үшін қозғалыс жылдамдығы 30 км/сағ деңгейінде сақталды.

Назар аударыңыз: Қазіргі уақытта Қарағанды – Астана жолы әлі де жабық. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove