Қара теңіз жағасына метеорит құлады

Қаракөз Амантай 12 нау. 2026 09:19

Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, түнде Қара теңіз жағалауы маңында шағын метеорит атмосферада жанып, ыдыраған болуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Бақылау камераларының жазбаларына сүйенсек, бұл құбылыс Мәскеу уақытымен 22:24 пен 22:36 аралығында болған. Жарқыраған нысанды Новороссийск, Ростов-на-Дону және Анапа қалаларының тұрғындары байқаған”, - дейді Интерфакс дереккөзі.

Мамандардың айтуынша, метеориттің шамамен көлемі бірнеше ондаған сантиметрден жарты метрге дейін болуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove