Жыл басынан бері Алматыда автобустар апатынан 600-ден астам адам зардап шекті

Асель Қайратқызы 07 қар. 2025 17:05

Алматы қаласында автобус апаттарының саны артып келеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте қоғамдық көлік қатысқан 460-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 600-ден астам адам зардап шеккен. Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер автобустар жүргізушілері тарапынан екі мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу фактісін анықтаған.

Оның айтуынша, автопарк басшылары жүргізушілермен әр күн сайын жолға шығар алдында нұсқаулық жұмыстарын өткізіп, сондай-ақ, автобустардың техникалық жағдайын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Әсіресе, қыс маусымы кезінде қауіпсіздікті барынша қатаңдату қажет.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар