Қазақстан мен Groq жасанды интеллект саласында ынтымақ орнатты

Ақтоты Жапатова 07 қар. 2025 19:22

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен АҚШ-тың Groq, Inc. компаниясы озық есептеу жүйелері мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Құжат Қазақстанда Groq инфрақұрылымын орналастыруды, Alem.AI және Astana Hub базасында пилоттық жобаларды іске қосуды, сондай-ақ жоғары өнімді есептеулер (HPC),  жасанды интеллектіні дамытуға арналған ұлттық және өңірлік бағдарламаларды қолдау үшін «бұлтты» деректер орталықтарын құруды көздейді.

Сонымен қатар, Groq Қазақстанда технологияларды жергіліктендіруді және бірлескен жобаларды дамыту үшін инновациялық орталық немесе ресми өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар