Шымкентте 10 млн теңге бопсалады деп ұсталған адам - AMANAT партиясының экс-қызметкері - дереккөз

Сағыныш Сардарова 07 қар. 2025 14:00

Әлеуметтік желіде AMANAT партиясының экс-қызметкері ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Шымкентте шенеуніктен 10 миллион теңге бопсалаған журналист әрі блогер ұсталған еді. Ол AMANAT партиясының экс-қызметкері болуы мүмкін.

Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.

"Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрон құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері бүгін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар