Филиппиндегі тайфуннан қаза тапқандар саны көбейді

Көркем Алдабергенова 07 қар. 2025 15:27

Филиппинде «Калмаэги» тайфунынан қаза тапқандар саны 188-ге жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тағы 135 адам хабар-ошарсыз кеткен, ал 96 тұрғын түрлі жарақат алған.

Дауыл кезінде эвакуацияланған жүздеген мың адам үйлеріне оралғанда, тұтас ауылдардың қирап қалғанын көрген. Қазір тайфунның ізімен дауыл Вьетнам аумағына жетті.

Табиғи апат салдарымен күресу үшін 268 мың әскери қызметкер жұмылдырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар