Әріптесін өлтіріп, қала сыртына апарып көміп тастаған: Ақтөбеде сот үкімі шықты

Асель Қайратқызы 07 қар. 2025 15:00

Ақтөбе тұрғыны әріптесін қала сыртына шығарып, оны несие рәсімдеуге мәжбүрлеп, тұншықтырып, жерге көмгені үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz «Диапазон»-ға сілтеме жасап.

32 жастағы айыпталушы Ақтөбедегі зауытта машинист болып жұмыс істеген. Бір күні ол әріптесінің үйден шыққанын күтіп, оны аңдып, өз көліне отырғызып, қала сыртына алып кеткен.

Істің материалдарына сәйкес, айыпталушы көлікте әріптесін 7,7 млн теңге көлемінде несие рәсімдеуге мәжбүрлеп, алынған ақшаны танысына аударуға мәжбүрлеген. Ал кейін тергеу анықтағандай, ол құрбанын шүберекпен тұншықтырып, денесін көлікте тасып, Алға ауданына шығарған.

Айыптау қорытындысына сәйкес, сол жерден айыпталушы танысынан көмек сұрап, танысы үйінен күрек әкелген. Нәтижесінде айыпталушы құрбанының денесін жерлеу үшін шұңқыр қазып, оны көмген.

Ер адамға кісі өлтіру және бопсалау айыбы тағылған. Сотта оның кінәсі толық расталды. Сот айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Оның танысы қылмысты жасыруда айыпталып, амнистияны ескере отырып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, кісі өлтіру және бопсалау үшін сотталған айыпталушыны қаза болғанның туыстарына моральдық зиян ретінде 10 млн теңге төлеуге міндеттеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар