Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов пен оның экс-жұбайы мүлік дауын бейбіт жолмен шешті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Дана Әтешова әлеуметтік желіде олардың сот бекіткен медиативтік келісімге қол қойғанын хабарлады.
"Мүлікке қатысты медиативтік келісімге қол қойдық. Сот бекітті, екі жақ та келісімге риза", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің үстінен бұған дейін қылмыстық іс қозғалған еді.
Кейін әлеуметтік желіде Дана Әтешова мен балалары үйден күшпен шығарылып жатқан видео тарады. Бұл іс қоғамда үлкен резонансқа ұласты.
