Батыс Қазақстан облысында олигархтардан қайтарылған ақшаға әлеуметтік нысандар салынып жатыр

Көркем Алдабергенова 07 қар. 2025 13:28

Батыс Қазақстан облысында қайтарылған активтердің есебінен әлеуметтік нысандар салынып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 27 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 15 жоба толық аяқталған, тағы 10 нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Қалған екі жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланған. Жалпы, бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді.

Ауыз су және медицина саласына басымдық берілді

27 жобаның 11-і ауыз сумен қамту бағытындағы нысандар. Олардың іске қосылуы ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуды арттырып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 16 жоба ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмекті дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала және Бәйтерек аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер салынып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар