"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі өкілдерінің халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты кездесуі өтті,деп хабарлайды Dalanews.kz.
Келіссөздердің нәтижесінде тараптар маңызды келісімдерге қол жеткізді. Қытай 6–12 қараша аралығында Қазақстанға 15 мың рұқсат қағазын береді. Осы мәліметтер арқылы қазақстандық тасымалдаушылардың нақты қажеттілігі анықталып, кейін рұқсаттар күн сайын беріледі.
2026 жылдан бастап рұқсат қағаздарын шектеусіз, автоматты түрде беру жүйесі енгізіледі. Бұл мүмкіндік Қытай заңдарын бұрын бұзбаған тасымалдаушыларға қолданылады.
