Қостанай облысында вагонның астында жатқан ер адам соңғы сәтте құтқарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
6 қарашада сағат 07:45-те Тобыл станциясында Қостанай вагон депосының қызметкері вагон-цистернаның астындағы жол табанынан бөгде адамды тауып алған.
"Ер адам ішімдік ішіп, мас күйде болған, оның жанынан спирттің бөтелкесі табылған. Ол қауіпті аймақтан уақтылы шығарылды. Ер адамның жеке басы анықталып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - деді ҚТЖ өкілі.
