Жамбыл облысында екі адам жайылымдағы жылқыны атып алған

Cағыныш Сардарова 16 қаң. 2026 15:54

Жамбыл облысында екі адам жайылымдағы жылқыны атқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Талас ауданының тұрғыны жайылымдағы жылқыларын тексеру кезінде күдік тудырған Volkswagen Passat маркалы көлігін байқап, полицияға хабар берген. Көлік Үшарал ауылы маңында тоқтатылды.

"Тексеріс барысында көліктің жүк салғышы мен салонынан жылқының бөлшектелген еті, мал союға арналған құралдар, аңшы мылтығы тәркіленді. Күдіктілер жайылымдағы жылқыны атып алып, сол жерде сойғаны белгілі болды", - деді полиция.

Бұл дерекке қатысты соталды тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілер - 49 және 65 жастағы екі ер адам. Олар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove