Жаңартылған ҰБТ-да ашық сұрақтар енгізілуі мүмкін

Көркем Алдабергенова 16 қаң. 2026 16:33

Ұлттық біыңғай тестілеуде (ҰБТ) ашық форматтағы тапсырмалар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі таңда ҰБТ негізінен жауап нұсқаларын таңдауға арналған тест тапсырмаларынан тұрады.

Ашық сұрақтарды енгізу барлық бағыттар бойынша емес, жекелеген пәндер немесе модульдер аясында қарастырылып отыр.

Жаңа форматқа көшу бес жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Ал алғашқы сынақтық енгізу келесі жылдан бастап жоспарланып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove