Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёльге қатысты алғашқы сот үкімі шықты. Ол әскери жағдай енгізуге әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот материалдарына сәйкес, экс-президентті ұстау кезінде оның күзеті полиция қызметкерлерін резиденцияға кіргізбеген. Соның салдарынан оны қамауға алу үшін үш мыңға жуық полиция қызметкерін тартуға тура келген.
Еске салсақ, 2024 жылдың желтоқсанында Юн Сок Ёль елде әскери жағдай жариялаған. Алайда парламент бұл шешімді қысқа мерзім ішінде жойды. Осыдан кейін ол қызметінен шеттетіліп, бүлік ұйымдастыру және жаппай тәртіпсіздікке жол берді деген айыппен жауапқа тартылған еді.
