Желіде коучтың «гипноз» сеансы қызу талқыланып жатыр

Көркем Алдабергенова 16 қаң. 2026 16:08

Желіде коуч Динара Дәулеттің «гипноз» сеансы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видеода бір топ әйел көз жасын көл қылып, коучтың «сиқырлы» қимылдарына елітіп отыр.
 
"100 мың оқырманы бар Динара Gucci мен Dolce-ден киініп, брендпен бұлданғанды жақсы көреді екен. Оның «Миллионер бол» курсынан кейін кімнің қалтасы қампайып жатқаны айтпаса да түсінікті сияқты...", - дейді журналист Ерқанат Көпжасар. 
 
Коучтың емдеу тәсіліне қатысты журналист Сырым Итқұлов та пікір білдірген. 
 
"Адамдарға осындай "сеанстардан" кейін миллионер боласыңдар деген ойды сіңіреді. Өз фанат қыздар «армиясына» байлық уәде етеді, бірақ шын мәнінде байып жатқан — тек өзі. Қымбат заттардың unpacking-видеоларын жасап, өзін «бай адамның әдеті бар» деп көрсетеді. Сонда, ақыры миллионер кім?", - дейді журналист. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove