Freedom Inside '26

Шымкентте қызды алып қашып, зорлады деген күдікке ілінген адам ұсталды

Шымкентте қызды алып қашып, зорлады деген күдікке ілінген адам ұсталды
Tengrinews.kz

Шымкентте қызды алып қашып, зорлады деген күдікке ілінген адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Шымкент Полиция департаменті мәлімдеді.

"Барлық қатысушы полиция басқармасына жеткізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының 17 жастағы тұрғыны өзіне қатысты ауыр қылмыс жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұрын-соңды көрмеген ер адам бірнеше серігімен жол бойынан күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып қашқан.