Шымкентте 21 жастағы қыз ажал құшты: ІІМ шұғыл мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 16 қаң. 2026 14:39

Шымкентте қызды өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікір мен уәждер бойынша қызметтік тексеріс тағайындалған.

"Қазір күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу жедел тобы құрылды. Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді ІІМ өкілі.

Тергеу жалғасып жатыр, оның барысында барлық түскен мәлімет, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талданып жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove