21 жастағы қыздың өлімі: полиция күдікті ұсталғанын растады

Сағыныш Сардарова 13 қаң. 2026 10:24

Шымкентте қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады.

Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды.

"Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақты жан-жақты тексеру жүргізілді. Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда 28 жастағы тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove