Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева өмірден өтті

Самал Асқар 16 қаң. 2026 16:53

Көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың кенже қарындасы Рауза Минлиахмедқызы Қонаева дүниеден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаралы хабарды Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қор жариялап, марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

Қор мәліметінше, Рауза Қонаева 1934 жылғы 10 сәуірде Алматы облысының Шелек ауылында дүниеге келген. Ол Минлиахмед пен Зәуре Қонаевтардың 11-баласы, әулеттегі ең кенжесі болған.

Балалық шағын Алматыда өткізіп, қаладағы №28, №10 және №36 мектептерінде білім алған. 1952 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, оны 1956 жылы сәтті аяқтаған.

1957 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан ғылым академиясы жүйесінде қызмет етті. Осы жылдар аралығында Биохимия институтында, кейін Молекулалық биология және биохимия институтында еңбек етті. Ғылым саласында ұзақ жылдар бойы табанды жұмыс істеп, отандық биология ғылымының дамуына елеулі үлес қосты.

Рауза Минлиахмедқызы Қонаева – Қазақстан ғылымындағы тұтас бір дәуірдің өкілі, ұлт зиялылары әулетінің абыройын асқақтатқан тұлғалардың бірі ретінде есте қалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove