АҚШ-тың CBS News арнасының хабарлауынша, Иранда өтіп жатқан жаппай наразылықтар барысында кемінде 12 мың адам қаза тапқан, ал құрбандар саны 20 мыңға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
The New York Times басылымының дерегінше, елдің кейбір өңірлерінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) жауынгерлік қару қолданған. Салдарынан қаза тапқандар саны көбейіп, мәйітханалар лық толған. Ал марқұмдардың жақындары оларды тану үшін кезек күтуге мәжбүр.
Алайда ИИРС басшылығы қаза тапқандарды наразылыққа қатысушылар емес, "террористер" деп сипаттады.
Осы арада халықаралық деңгейде жағдай ушыға түсуі мүмкін деген қауіп бар. Ақпарат көздерінің мәліметінше, Пентагон АҚШ президенті Дональд Трампқа Иранға соққы берудің бұрын айтылғаннан да кең ауқымды нұсқаларын ұсынып жатыр. Әлеуетті нысандардың қатарында елдің ядролық бағдарламасы да бар.
Сарапшылар бұл жағдайдың аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке ықпалы зор болуы мүмкін екенін ескертеді.
