Шымкент тұрғыны белгісіз біреулер алып қашып, зорлағанын мәлімдеді: полиция пікірі

Сағыныш Сардарова 16 қаң. 2026 13:01

Әлеуметтік желіде Шымкентте ер адам кәмәлетке толмаған қызды алып қашып, зорлық-зомбылық көрсеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкент қаласының 17 жастағы тұрғыны өзіне қатысты ауыр қылмыс жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұрын-соңды көрмеген ер адам бірнеше серігімен жол бойынан күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып қашқан.

Полиция осы жағдайға пікір білдірді.

"Шымкент тұрғынының арызы негізінде полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл іске қатысы бар барлық адам полиция басқармасына жеткізілді. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove