Қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген тұлға Грузиядан экстрадицияланды

Көркем Алдабергенова 16 қаң. 2026 15:18

Қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген тұлға Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің көмегімен экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматшасын Грузиядан экстрадициялады.

Күдікті Астанада «World Busines Consulting» қаржы пирамидасының құрылымын басқарды, оның бөлімшелер желісі 2018-2022 жылдары Қазақстанның түрлі өңірлерінде азаматтарменжоғары пайда алуды сылтауратып, 6,5 млрдтеңгеден астам қаржыны заңсыз тартқан.  

Аталған қылмыстық ұйымның бірқатар қатысушылары нақты бас бостандығынан айыруға сотталды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың қарашасында ол Грузияда ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көрсетілген қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove