“Миллиондарынан қағылды”. Павлодар облысында екі апалы-сіңлі алаяқтардың құрбаны болды

Қаракөз Амантай 16 қаң. 2026 15:17

Павлодар облысында Екібастұз қаласының екі тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болып, шамамен 10 млн теңгеден айырылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Polisia.kz мәліметінше, әйелдер зейнеткерлерге арналған инвестициялық дивидендтер туралы жарнамаға сеніп, өзін инвестициялық компанияның менеджері ретінде таныстырған белгісіз адамның нұсқауымен ақша аударған.

Уәде етілген табысты ала алмаған соң, жәбірленушілер полицияға жүгінген. Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен қылмыстық іс қозғалып, оған қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды бейтаныс адамдардың өтінішімен ақша аудармауға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove